Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары-Руслан Шпекбаев "Завод им. С.М. Кирова" АҚ-на келді.

Мұнда Руслан Нұртөлеуұлы кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерімен танысты: 5 класты дәлдіктегі көп қабатты платалар өндіру желісінен ZIKcomputers планшеттері мен ноутбуктарын шығару жобасына дейін. Беріктігі мен сенімділігімен танымал қорғалған планшеттер мен ноутбуктарды шығару жобасы да назардан тыс қалмады.

Естеріңізге сала кетейік, 2000-нан астам дербес компьютерлер мен 106 ZIK ноутбуктары аудандар мен облыс орталығына жіберілді. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары отандық ZIK компьютерлерінде тегін оқуға мүмкіндік алды.

Қазір біздің өнімдерімізді басқа облыстардың білім басқармаларына жеткізу туралы келіссөздер белсенді жүргізілуде. Мысалы, Ақмола облысына шамамен 15 000 ZIK ноутбук жіберіледі, ал Қостанай облысына шамамен 11 000, ал Павлодар облысына 12 000-нан астам ноутбук жіберіледі

KZ