Абсаметов Нариман Малисулы

Абсаметов Нариман Малисулы

«Завод им. С.М. Кирова» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 18.06.1988 ж.
Тілдерді меңгеру: қазақ, орыс, ағылшын

Білімі, мамандығы (біліктілігі):
• Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты (KIMEP) (2005-2009);
• Австралия ұлттық университеті (ANU), Қолданбалы қаржы магистрі (2015-2016).

Еңбек өтілі:
• «АППАК» ЖШС, экономика және қаржы басқармасының жетекші менеджері (2009-2011)
• Инвестормен $50 млн қаржыландыру тарту бойынша келісім жасасу;
• Компанияның 5 жылға ұзақ мерзімді даму стратегияны әзірлеу;
• $300 млн сомасына мысты сату бойынша оффтейк келісімшарт жасасты;
• 20-дан астам активке бағалау жүргізу;
• Кен орындарын сатып алу бойынша 2 келісім жасасу;
• «Самұрық-Қазына» АҚ, тау-кен металлургия активтері дирекциясының сарапшысы (2011-2013);
• Жалпы құны 100 миллион АҚШ доллардан асатын 4 M&A мәмілені құрылымдау және жасасу;
• Халықаралық компаниялармен 2 бірлескен кәсіпорын құру;
• Қорғасын концентратын жеткізу үшін $1 млрд сомасына ұзақ мерзімді оффтейк келісімшарт жасасу;
• Компанияның 10 жылдық даму стратегиясын әзірлеу;
• Кремний мен күмісті сатудың стратегиялық жоспарын құрастыруға жетекшілік ету;
• «КАТКО» БК» ЖШС, корпоративтік хатшы (2013-2015)
• Қатысушылардың құқықтарын қайта бөлумен Серіктестіктің Жарғысы мен құрылтай құжаттарын әзірлеуге басшылық ету;
• Өндірісті кеңейту бойынша инвестициялық жобаны әзірлеуге қатысу;
• Уран кен орнына жер қойнауын пайдалану құқығын алу және қатысушылар үшін ҚЭМ жобасын дайындау жобасына қатысу;
• Акционерлердің жалпы жиналыстары мен Серіктестіктің Бақылау кеңестерінің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылар дайындауға жетекшілік ету.
• «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, бизнесті дамыту жөніндегі бас директор (2017-2021)
• Жалпы құны 200 млн. АҚШ долларын құрайтын активтерді сатып алу бойынша мәмілелерді құрылымдауға қатысу;
• Компанияның тиімділігін бағалауды жақсартуға мүмкіндік берген уран компаниясы үшін KPI әзірлеу;
• Акционердің шешімдерін қабылдау шеңберінде жобалардың Талдамалық қорытындылары мен қаржылық модельдерін ұсыну арқылы уран компаниясының портфелін оңтайландырды;
• «Recourses Capital Group» ЖШС, инвестициялық директор (2021-қазіргі уақытқа дейін)
• Компанияның жылдық бюджетін қалыптастыру;
• Компанияның қаржылық-экономикалық моделін дайындау;
• Өндірістік кәсіпорынның негізгі экономикалық, өндірістік және бюджеттік көрсеткіштерінің орындалуын бақылау;
• Компанияның негізгі ҚНК талдау.

KZ