Нурмагамбетов Алмас Мусаевич
Нурмагамбетов Алмас Мусаевич
«Завод им. С.М. Кирова» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Завод им. С.М. Кирова» АҚ бас директоры
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 31.12.1973 ж.
Тілдерді меңгеру: қазақ, орыс
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
• Ақтөбе кәсіптік техникалық училищесі, күрделі электронды жабдықтарды жөндеу жөніндегі электромеханик (1988-1991);
• ҚР ҚК Жоғары шекаралық командалық училищесі, байланысты ұйымдастыру, арнайы байланыс бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану, байланыс әскерлерінің офицері, электр байланыс инженері (1994-1998).
Біліктілікті арттыру курстары:
• Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, «Қолданбалы басқару аспектілері» (2016);
• Nazarbaev University, «Current regional and international secriti issues» (өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері) (2016);
• Kazguu University, «Әскери оқу орнында педагогикалық қызметті ұйымдастыру» (2017).
Еңбек өтілі:
• Нурмагамбетов Алмас Мусаевич еңбек жолын 1992 жылдан электрик ретінде бастаған.
• 1998 жылы жоғары шекаралық командалық училищені бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы Президенттік байланыс басқармасына қызметке қабылданып, офицерден Басқарма бастығына дейін қызмет етті. ҚР ҰҚК жедел радиобайланысын дамытуға, Президенттік байланыс жүйесін жаңғыртуға және толық қайта жарақтандыруға белсене қатысты.
• 2014-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің техникалық департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. ҚР МКҚ Президенттік, жедел, спутниктік байланыс жүйелерін дамыту және пайдалану мәселелеріне жетекшілік етті.
• 2019-2020 жылдары «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС кеңесшісі болып жұмыс істеді. ҚР ҚМ қарулануға қабылдауға өндірілетін АРСО-25 стандартты радиостанцияларының өтуін ұйымдастыру бойынша мәселелерге жетекшілік етті.
• 2020 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің материалдық - техникалық қамтамасыз ету департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. ҚР МКҚ қайта жарақтандыруға белсенді қатысты, сондай-ақ қару-жарақ, материалдық-техникалық жарақтандыру және автокөлік жөніндегі қызмет бағыттарына жетекшілік етті.
• 2022 жылдан 2023 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ-«Желі» Дивизионында» қауіпсіздік жөніндегі директор лауазымында жұмыс істеді. Жұмылдыру дайындығының жұмыс істеуін қамтамасыз етумен, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шаралардың әзірленуі мен орындалуына ішкі бақылауды ұйымдастырумен айналысты. Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ стратегиялық объектілерін күзетуді ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырды.