АО Завод им. С.М. Кирова

ПРЕСС-РЕЛИЗ

2026 жылғы 20 қарашадан 20 желтоқсанға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес (2026 жылғы 6 тамыздағы № 138 бұйрық редакциясында) «Завод им. С.М. Кирова» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) мынадай бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-ААКР) жүргізіледі:

 

1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, шарттар жасасу;

2) тауар-материалдық құндылықтарды, металл сынықтары мен өтімсіздіктерді қабылдау, сақтау, есептен шығару және сату, мүлікті жалға беру;

3) персоналды басқару;

4) мүдделер қақтығысының алдын алу және оны шешу;

5) қаржы-шаруашылық қызметі.

Талдау келесі мәселелер бойынша жүргізіледі:

1) Қоғамның ішкі құжаттарында және оның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Қоғамның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Қоғам қызметкерлері, контрагенттер және өзге де тұлғалар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды электрондық поштаға жібере алады KenessovaGZ@zik.kz не Қоғамның кеңсесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет ұяшығында жазбаша түрде қалдырылсын. Ақпаратты жасырын түрде жіберуге болады.

«Завод им. С.М. Кирова» АҚ  

Комплаенс-офицері Г.Ж. Кенесова

KZ
Scroll to Top