Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ және С.М. Киров атындағы зауыт меморандумға қол қойды
Бүгін АО «С.М. Киров атындағы зауыт» пен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл құжат — өндіріс пен ғылымның тоғысқанын білдіреді. Енді зауыт пен университет бірлесіп білім беру, тәжірибе алмасу және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру бағытында жұмыс істейтін болады.
Болашақ мамандарды даярлау — біздің ортақ міндетіміз.
Білім мен өндіріс — ел дамуының тірегі.