Комплаенс
Комплаенс қызметі заңнаманы, корпоративтік стандарттарды және іскерлік этика қағидаттарын сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді. Комплаенс қызметінің негізгі міндеті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, адалдық мәдениетін нығайту және бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету арқылы бизнесті тұрақты және жауапты жүргізуге жәрдемдесу. Комплаенс қызметі атқарушы органнан тәуелсіз қызметті жүзеге асырады, бұл комплаенс-функцияны іске асыру кезінде объективтілік пен тәуелсіздікті қамтамасыз етеді.

Комплаенс-офицер бұл Қоғамның Директорлар кеңесіне ұйымдық және функционалды түрде бағынатын тәуелсіз лауазымды тұлға. Оның қызметі ішкі құжаттарға, Халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнесті адал және әдепті жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері:
— міндетті реттеуші талаптардың сақталуын бақылау;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы ішкі саясаттар мен үздік тәжірибелерге сәйкестігі;
— іскерлік этика және ашықтық мәдениетін дамыту;
— тұрақты корпоративтік басқаруға жәрдемдесу.
Комплаенс-офицердің жауапкершілік аймағына сонымен қатар құпия ақпараттың сенім телефоны арқылы келетін хабарламалармен жұмыс кіреді. Өтініштер корпоративтік этика кодексінің ықтимал бұзушылықтарына, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, теріс пайдалану және этикаға жат мінез-құлықтың басқа да көріністеріне қатысты болуы мүмкін.
«Завод им.С.М.Кирова» акционерлік қоғамының қағидаттық ұстанымы-сыбайлас жемқорлыққа және этикалық нормалардың бұзылуына нөлдік төзімділік. Зауыттың барлық қызметкерлері мен серіктестері үшін қауіпсіз және ашық ортаны құру басты басымдықтардың бірі болып табылады.
Комплаенс мәселелері бойынша:
Жедел желі /WhatsApp: +7 775 530 92 07
Электрондық пошта: compliance@zik.kz compliance@zik.kz